Ілмектерден іздеу
Зейнетақы қорындағылар "бітімгершілікке" шақырып жатыр

Содан ақшамды инвестициялап жатқан компанияның сайтына кірсем… Құдай сақтасын, қазақша бір әріп жоқ!!! Содан олай-бұлай ақтарып, жазатын жеріне ой-пікірмді жазып кеткенмін. Бір сағаттан соң қалтафоныма хабарласып тұр.
Шағымыңыз орынды, анау-мынау деп… қаным басыма шапты. Ай сайын халықтың маңдай термен тапқан айлығының 10%-ын қоныштарыңа басып отырсыңдар да, оларға ләм-мим деп қазақша ақпарат та бермейсіңдер! «Біздің сайт тұрған платформамыз қазақша әріп қолдамайды» деп сылтаурата бастап еді, «ертегі айтпа» деп аузына құм құюға тура келді. Ниеттері әу баста орысша болғаны аян болып тұр ғой.
Фото жұмбақтың жауабы.
Geogebra

Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!
Kazpodcast - Қазнетке жас көзқарас №1
Сәлем достар!
Қазнетке жас көзқарас подкастымның тақырыптары:
— Интернет сауаттылығын ашу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу
— Қазнеттегі қазақ тілі, неге ол дамымаған?
— Lit.kz — Әдебиет порталындағы қазақ тілі
— Азияда 2011 (өзімше көзқарас)

Әрі қарай
Қазнетке жас көзқарас подкастымның тақырыптары:
— Интернет сауаттылығын ашу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу
— Қазнеттегі қазақ тілі, неге ол дамымаған?
— Lit.kz — Әдебиет порталындағы қазақ тілі
— Азияда 2011 (өзімше көзқарас)

Нұр өз репертуарында!

Nur.kz ақпаратты дұрыстап көшіруді де білмейді :)
"І" әрпінің хикаясы


Өткен жылы да сөйткен. Зейнетақы қорыма ақша аударылмай қойғаны бар. Банктердегі компьютерлер "і" әрпіне жарымай қойды ғой.
Желтоқсаннан бері карточкама ақша түспей жүрген. Бар сабырымды жиып, мәсәленің мәнісін білеуге барсам, менің фамилиямдағы "і" әрпін, «и» әрпіне ауыстырып, орысша жазыпты. Осы уақытқа дейін дін аман қызмет көрсетіп келе жатқан оларды қандай түлен түрткенін жөнді түсіне алмадым.
Қазақша Wikipedia дамыса, Интернетте қазақ тілді контент көбейетіні рас па?


Сөйтсем, Рүстемнің айтқанынан түсінгенім, Google Translate-те қазақ тілі болуы үшін